Өңір жаңалықтары :: СҚО әкiмi Мәңгiлiк алау мен Жеңiс стеласына гүл шоқтарын қойды

«9 мамыр — бәрiмiз үшiн қастерлi күн. 77 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең қанды соғыс аяқталды. Сұрапыл соғыс елiмiздегi әр отбасының шаңырағын шайқалтты. Бүгiн жұртшылықпен бiрге Мәңгiлiк алау мен Жеңiс стеласына гүл шоқтарын қойып, майданнан оралмаған солтүстiкқазақстандық жауынгерлердi бiр минуттық үнсiздiкпен еске алдық. Аға буынның жанкештi ерлiктерi ешқашан ұмытылмайды. Соғыс және тыл ардагерлерiне мың тағзым. Елiмiзде әрқашан бейбiтшiлiк пен тыныштық орнап, аспанымыз ашық болсын», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko?lang=ru

Жариялану күні: 09.05.2022