Солтүстiк Қазақстан облысы мен Петропавл қ. ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң ATENK (Association of Teachersof English North Kazakhstan) ассоциациясы қоғамдық бiрлестiк ретiнде 2019 жылы құрылды.
ATENK ассоциациясының негiзiн қалаушы және Президентi — Қасенова Альбина Бакытбекқызы, CLIL әдiстемесi бойынша ЖМЦ мұғалiмдерiнiң және ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң тренерi.
Бiздiң облыс ассоциациясының мiндетi — қала мен облыстың белсендi ағылшын тiлi мұғалiмдерiн қолдау және алға жылжыту.
ATENK сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсiби дамыту және оқыту арқылы мұғалiмдердiң мәртебесiн көтеру идеясын қолдайды. Мұғалiмдердiң қолдауы олардың кәсiби қанағаттануы мен үздiксiз кәсiби дамуға (CPD) ұмтылысына ықпал етедi. ATENK CPD үшiн мұғалiмдердi ынталандыруды төмендегi жолмен анықтайды:
- ауылдық жерлерде (аудандарда) мұғалiмдердi кәсiби даму мүмкiндiктерi арқылы қолдау
- әртүрлi конкурстар, семинарлар, шеберханалар, тренингтер, конференциялар өткiзу (соның iшiнде оқушыларға да)
2019 жылдың жазынан берi көп уақыт өткен жоқ, ал ассоциацияда қазiрдiң өзiнде жұмыс iстейтiн веб-сайт пен әлеуметтiк желiлердегi парақтар бар. Сонымен қатар, облыстық шаралар тек ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң ғана емес, сонымен қатар қалалық және облыстық мектеп оқушыларының қатысуымен өттi. Бұл iс-шаралар қатысушылардың қаншалықты өршiл және дарынды екенiн және де ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң қауымдастығы бiздiң мұғалiмдердiң өсуi үшiн қаншалықты қажет екенiн көрсеттi.
- «Ағылшын тiлi сабағының үздiк жоспары 2020» байқауы (Best Lesson Plan 2020). Байқау жеңiмпаздары TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсыруға грант жеңiп алды, сонымен қатар CELTA ағылшын тiлi мұғалiмдерiне арналған халықаралық курстарға дайындалу үшiн онлайн курстан өттi;
- «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалымен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ағылшын әндерiнiң байқауы (English Song Contest 2020) өттi. 150-ден астам бейне өтiнiмдер түсiп, 30 үздiк орындаушылар таңдалды. Жеңiмпаздар Marwin-нен ағылшын тiлiндегi әдебиет түрiнде бағалы сыйлықтарға ие болды;
- Петропавл қаласындағы Америка бұрышының базасында ағылшын тiлi мұғалiмдерi үшiн бiрқатар семинарлар, соның iшiнде АҚШ-тан келгендердiң қатысумен;
- ATENK Olympiad 2020 — кәсiби бiлiктiлiк пен сандық сауаттылықты дамыту мақсатында аймақтың ағылшын тiлi мұғалiмдерi үшiн онлайн-конкурс;
- ATENK Ambassadors (ATENK «елшiлер») жобасы басталды. Жобаның мақсаты: облыстың 14 ауданында педагогикалық тәжiрибенi тарату үшiн Солтүстiк Қазақстан облысының көшбасшы-оқытушыларынан ынталандырылған команда құру. Таңдалған 14 ағылшын тiлi мұғалiмдерi, ATENK елшiсi бола отырып, бiздiң миссиямызды бiлдiредi және барлық деңгейлерде, әсiресе ауылдық жерлерде кәсiби өсуге мүмкiндiк бередi.
Сондай-ақ, М. Козыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiнiң базасында ATENK 2020 аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын, «Үздiк ағылшын тiлi мұғалiмi 2020» байқауын (Best Teacher Award 2020) және тағы да басқаларын өткiзу жоспарлануда.
Ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң ассоциациясы мұғалiмдердi ынтымақтастыққа және шығармашылық идеялармен бiрлесе жұмыс iстеуге шақырады.
Бiздiң байланысымыз: www.atenk.kz Instagram: atenk 2030 email: atenk2030@gmail.com Facebook: # atenk2030

Ақпарат көзі: uob.sko.gov.kz



