9-мамыр күнi мектебiмiзде «Ерлiкке тағзым» атты тәрбие сағаты өттi. Тәрбие сағатының мақсаты: «Ерлiкке тағзым» деген қағиданы ұстана отырып оқушылардың Отан тарихына деген сүйiспеншiлiктерiн арттыру, жеңiс салтанатын көре алмай кеткен ерлердiң ерлiк iстерiне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей бiлуге тәрбиелеу.
Мерекелiк iс-шараға тыл еңбеккерi Мейрамова Мәжiкен әжей мен ауған соғысы ардагерi Сакенов Төлебай Сейтжанұлы шақырылды. Женiс күнiне арналған мерекелiк iс-шараға келген ауыл тұрғындары да аз емес.
Мерекелiс iс-шарадан кейiн мектеп жанындағы Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған боздақтарға арналған ескерткiшке гүл шоғын қою рәсiмi болды.