Өңір жаңалықтары :: Солтүстiкқазақстандықтар Жамбыл Жабаевтың ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды

Жыр нөсерiн селдеткен ақын. Ақпанның 28-i күнi өлең сөздiң дүлдүлi Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгенiне 175 жыл толады. Айтулы дата қарсаңында өңiрдiң зиялы қауым өкiлдерi мен қоғам белсендiлерi жыраудың ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым еттi.

Қазақ халық поэзиясының әйгiлi тұлғасы, өлең сөздiң дүлдүлi, жырау, жыршы. Жамбыл Жабаев 1846 жылы қазiргi Жамбыл облысында дүниеге келген. Жас кезiнен ақ талай туындының авторы атанған. Әсiресе, ҰОС жылдарында Жамбылдан дәрежесi мен мәртебесi биiк ақын болмаған деседi. Түрлi ұлттан шыққан жауынгерлердiң жүрегiне жол тауып, жiгерiн қайрады. Оның үздiк еңбегi қырықтан астам тiлге аударылған.

Жарасбай Сүлейменов — «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры:

– Ленинградтық өренiм» атақты өлеңiн жазған. Бұл — жеңiске қосқан үлкен үлесi. Ұлттың, халықтың рухын көтердi. Жамбыл Жабаевтың жыр мектебiнен түлеп ұшқан талай ақын-жазушылар елiмiздiң әдебиетi мен мәдениетiн дамытты.

Ақпанның 28-iнде Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгенiне 175 жыл толады. Айтулы дата қарсаңында солтүстiкқазақстандықтар ақынның ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

Жыр нөсерiн селдеткен ұлы тұлғаға арнап өңiрде биыл 70-тен астам спорттық, мәдени, қоғамдық шара ұйымдастырылмақ.

Ғани Нығыметов — СҚО әкiмiнiң орынбасары:

– Бiздiң облысымызда 1 аудан Жамбыл атымен аталады. 3 ауыл, 44 көше бар. Осы жерлерде абаттандыру жұмыстары жүргiзiледi. Қала орталығындағы Жамбыл көшесiне бiр көпқабатты үйдiң қасбетiне керамикалық плитадан бейнесiн жасаймыз. 01:39 Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жазылғандай, бiз өзiмiздiң ұлттық бiрегейлiгiмiздi сақтауымыз керек. Мәдениетiмiз бен рухани қазынамызды дамытуымыз қажет. Мұндай iс-шаралардың рөлi жоғары.

Жамбыл Жабаев бейнеленген муралды әзiрлеу жұмыстары жазда бастау алмақ. Қаламыздың көркiн одан әрi ажарландырып тұратын кезектi туындының авторы солтүстiкқазақстандық Болат Әсербеков болмақ.

Маржан Қасымбек

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 25.02.2021