«18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнінің» өткізілуі туралы ақпарат
18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке елімізде 1984 жылдан бері атап өтіліп келеді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен бұл күннің тәуелсіз еліміздің тарихында алар орны ерекше. Бүгінгі таңда халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы ұйымының қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Қазіргі таңда 175 мемлекет 1972 жылы қабылданған «Мәдени және табиғи мұраны сақтау жөніндегі дүниежүзілік конвенцияның» қатысушысы болып табылады. ЮНЕСКО-ның тізіміне әлемнің 122 елінде орналасқан дүниежүзілік мұраның 754 нысаны енгізілді, олардың арасында отандық ескерткіштер де бар. "Патриот" айлығының аясында тарих пәнінің мұғалімі Алина Г.К. орта буын оқушыларымен "Қазақстандағы ерекше ескерткіштер" атты сыныптан тыс іс-шара өткізіп, Алқатерек ауылының ескерткіштеріне саяхат жасады. Оқушылар кіші Отанының атақты орындары жайлы ақпарат алды.
ТІЖО Алина Г.К.

[shortCode]{"type":"gallery", "id":"257", "style":"2"}[/shortCode]



