Өңір жаңалықтары :: Өңірде 139 мыңнан астам адам онлайн санақтан өткен

СҚО-да 139 мыңнан астам адам онлайн санақтан өттi. Қыркүйектiң 1-i күнi елiмiзде тәуелсiз Қазақстан тарихындағы 3-шi халық санағы бастау алғаны мәлiм. Қазiр отандастарымыз электронды түрде анкета толтырып, отбасы мүшелерi жайлы ақпаратты базаға енгiзiп жатыр. Бүгiнге дейiн 139 мыңнан астам солтүстiкқазақстандық қашықтықтан сауалдарға жауап берген. Бұл — өңiр тұрғындарының 25,9%.

Жалпы, қазiр санақ жұмыстары 3 платформа арқылы жүзеге асуда. Олар: sanaq.gov.kz сайты мен egov.kz электронды үкiмет порталы және Aitu мобильдiк қосымшасы. Естерiңiзге сала кетейiк, биыл халық санағы онлайн және офлайн режимде өтпек. 2-шi кезең, яғни үйлердi аралап, жеке деректердi планшетке енгiзу iсi қазанның 1-i күнi басталмақ.

Дана Ешкенова

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 24.09.2021