Өңір жаңалықтары :: Пайдасы шамалы шараларды «Рухани жаңғыру» аясында өткiзу тыйылады

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына биыл 3 жыл толып отыр.

Бұл мақала халқымыздың ұлттық кодын сақтап, тұрмысын жақсартып, тарихқа бет бұруға және қоғамда өзге де құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Бүгiнде 13 арнайы жоба жүзеге асуда. «Рухани жаңғыру» аясында былтыр Солтүстiк Қазақстан облысында 3 мыңға тарта iс-шара өтiптi. Алайда, пайдасы мен маңызы шамалы, тым шағын әрi формалды отырыс-жиындардың барлығын бағдарламалық мақалаға бекiтiп қойып, өткiзе салу белең алып барады. Биыл бұған жол берiлмейдi. Iс-шаралардың сапасына баса назар аударылмақ.

Рысжан Нұрғалиева — «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ директоры:

– 20-шы жылға құрылған жоспарға өткен жылы өткiзiлген шағын, формалды түрде жүргiзiлетiн және дәстүрлi iс-шараларды алып тастап, биылғы жылы нақты рухани жаңғыру және сананы жаңғырту бағытында өткiзiлетiн iс-шараларға көп мән бердiк. 110 тармақ пен 3 бағыттан тұратын жұмыс жоспары бекiтiлдi.

Саят Ермек

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 21.02.2020