Өңір жаңалықтары :: Кiтапханашылар онлайн-вебинар өткiздi

Жас ұрпақтың кiтап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Осындай мақсатпен Ғабит Мүсiрепов атындағы облыстық балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханасында да iс-шара ұйымдастырылды.

«Кiтап — бiлiм бұлағы» деген сөз бекерден айтылмаған. Расымен де, бар пайдалы iлiм асыл қазынада жатыр. Алайда, қазiргi ғаламтор желiсi дамыған заманда құнды дүниенi оқитын жастардың қатары сиреп барады. Бұл мәселе — өзектi проблемаға айналып отыр. Онлайн-вебинар барысында мамандар ұл-қыздардың кiтапқа деген қызығушылықтарын қалай ояту керектiгiн айтып, ұсыныстарын бiлдiрдi. Кiтапханашылардың сөзiнше, балалардың оқуға деген ниетiн алдымен, ата-анасы оятуы керек. Кiшкентай кезiнен асыл қазынаға бет бұрса, өсе келе де жанына серiк ететiн болады.

Күлизат Шахатова — Ғ.Мүсiрепов атындағы ОБЖК бөлiм жетекшiсi:

– Қазiр көп оқырман гаждеттерге тәуелдi. Сондықтан, дәстүрлi оқудың беделiн көтеру керек. Ата-аналарға рахмет. Олар балаларын өздерi кiтапханаға алып келедi. Қазiргi онлайн өткiзiлетiн Абай, Мағжан оқуларына ата-аналар: «Менiң балам қатыссын, өлеңдi жақсы оқиды» деп хабарласып жатады.

Казиканова Алтынай

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жариялану күні: 18.02.2021