Өңір жаңалықтары :: «Самұрық-Қазына» жергiлiктi компаниялармен келiсiм шарт жасасты

Жаңа мүмкiндiктерге жол ашылды! Бүгiн «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты iргелi компаниялар жергiлiктi кәсiпорындармен келiсiм шарт жасасты. Бұл құжат аясында Петропавл ауыр машина жасау және Киров атындағы зауыттарға миллиардтаған теңгенiнiң тапсырысы түспек.

Кеңес Одағы кезiнде Петропавл ауыр машина жасау зауыты толық қуатта жұмыс iстедi. Нақтырақ айтсақ, мұнда 15 мың адам еңбек еттi. Қазiр мамандардың саны небәрi 1 мыңды құрайды. Бос, тұралап тұрған цехтар көп. «Олардың барлығын iске қосқа, өндiрiс ошағының әлеуетi бiрнеше есеге артады»,- дейдi Ахметжан Есiмов. Бүгiнде бұл бағытта шаруа атқарылып жатыр. Өткен жылы жаңғырту жұмыстары басталды. Ал алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қарамағындағы iрi компаниялардан тапсырыстар түседi.

Қазiр кәсiпорында мұнай өнеркәсiбiне арналған бөлшектар жасалып жатыр. Бұл дүниелер зауыттықтардың бiразына таныс. Себебi, бiр кездерi жоғары сұранысқа ие болған өнiм осы жерде шығарылған екен.

Михаил Войсковой, «ПАМЖЗ» АҚ бас инженерi:

– Цехтардың барлығын iске қосамыз. Тапсырысты 6 айдың iшiнде орындауды жоспарлап отырмыз. Бiз мұндай дүниелердi бұрындары шығардық. Аз уақыт емес, бақандай 15 жыл бойы әзiрледiк. Өкiнiшке қарай, осыдан 1,5-2 жыл бұрын iстi тоқтаттық.

Бұл тапсырыс «Самұрық-Қазына»-ның арқасында қолға алынды. Қазiр зауыт басшылығы «Oil Services Company» және «ҚазМұнайГаз» компанияларымен келiсiм шарт жасасуда.

Ахметжан Есiмов — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы:

– Былтыр сiздер бiздiң кәсiпорындарға 600 млн теңгенiң өнiмiн жасадыңыздар. Ал қазiр 2,5 млрд теңгеге келiсiм шарт жасастық. Осының арқасында әзiрленетiн өнiм көлемi артады, жұмыс орындары пайда болады, бюджетке түсетiн салық ұлғаяды.

Мұндай әрiптестiк барлығына да тиiмдi. Ең бастысы кәсiпорындар тапсырысты уақытылы әрi сапалы орындаулары қажет. Сонда көлемдi арттыруға болады. Бұл жайлы Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есiмов Киров атындағы зауытқа барған кезiнде айтты. Өндiрiс ошағында мейманға көп қабатты баспа платалары таныстырылып жатыр. Қазiр мұндай өнiмге бiрқатар компаниялар қызығып отыр.

«Әскерилендiрiлген темiржол күзетi», «Қазақстан темiр жолы». Аталғандармен зауыттықтар 3 келiсiм шарт жасасты. Осы құжат аясында релелiк шкаф шығарылады. Оның iшiне түрлi құрылғылар мен құрал-жабдықтар салынады екен. Тапсырыстың құны 6 млрд теңгеден асып түстi. Бұл өткен жылғыдан 4 есеге көп. Ахметжан Есiмов әңгiме барысында қор импортты алмастыру бағдарламасы аясында елiмiзде жаңа өндiрiстi құруға әр уақытта да көмек көрсетуге әзiр екендiгiн жеткiздi. Бұдан соң, басқарма төрағасы халық арасында аса танымалдылыққа ие «Радуга» серiктестiгiнде болды.

Құмар Ақсақалов — Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:

– Қазiр қарапайым заттар экономикасында не бар, соның барлығы осы кәсiпорында жасалады. Мысалы, мына цехта қайталама полимерден 3 млрд теңгенiң өнiмi әзiрленедi.

Болашақта серiктестiкте қағаз өндiрiсi қолға алынады. Ол үшiн цех салынады. Бүгiнде нысанның орны анықталған. Мұндай бизнестiң келешегi зор.

Дмитрий Шарапаев — «Радуга» ЖШС бас директоры:

– Отандық нарықтағы қағаздың 60% ғана елiмiзде шығарылады. Қалғаны өзге жақтан импортталады. Өзiмiзге жақсы мәлiм «Карина» — республикадағы ең iрi компания. Ол Алматыда орналасқан. Макулатураның барлығы сонда жiберiледi. Кейiн, ол өңделiп, дайын өнiм бiзге қайта сатылады. Бiз осы iстi өзiмiзде бастасақ деймiз.

Цехта целлюлоза-қағаз қайталама шикiзаттан, тiптi сабаннан жасалмақ. Түске қарай тараптар облыстық әкiмдiк қабырғасында бас қосты. Елiмiздiң iргелi компанияларының өкiлдерi Петропавлға жайдан-жай келiп отырған жоқ. Осыдан 3 апта бұрын аймақ басшысы Құмар Ақсақалов жергiлiктi зауыттар мен ұлттық компаниялардың арасында әрiптестiк орнату мәселесiн көтерiптi. Бастама өз жемiсiн берiп отыр.

Құмар Ақсақалов — Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:

– Бұл — болашақта ұйымдастырылатын үлкен жұмыстың басы ғана. Ұлттық компаниялардың басшылары бiздегi зауыттардың қауқарына көз жеткiздi. Алдағы уақытта iс жалғасын табады. Оның үстiне Петропавл тоғыз жолдың торабында орналасқан. Бұл да бизнесте маңызды рөл атқарады.

Бұл күнi тараптар жалғыз өндiрiс саласында ғана емес, әлеуметтiк салаға қатысты да құжаттарға қол қойды. Осы келiсiм аясында Петропавлда мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналып жаңа оңалту орталығы салынады. Осылайша қаншама ата-ананың арманы орындалмақ.

Ахметжан Есiмов — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

– Тағы, облыстың шалғай аудандарында спорт нысандарын салуға көмектесемiз. «Медициналық поезд» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына медициналық жәрдем жетедi. Мұның барлығы бiздiң меморандумда көрсетiлген.

Айта кетейiк, бұл келiсiм шартта көрсетiлген жобалардың бiр парасы ғана. Меморандумда бұдан өзге де iлкiмдi бастамалар қарастырылған.

Құмар Ақсақалов — Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:

– Меморандум қағаз жүзiнде 2-ақ парақтан тұрады. Бiрақ, оның маңыздылығы аса жоғары. Бұл құжаттың арқасында кәсiпорындардың тапсырысы артады, денсаулық сақтау саласына, спорт, инфрақұрылымды дамытуға үлкен қолдау көрсетiледi. Уәлиханов ауданында ұялы байланыс қызметiнiң аясы кеңейтiледi.

Байболат Култанов

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 21.02.2020