Өңір жаңалықтары :: СҚО-да инфрақұрылымды дамытудың 3 жылдық жоспары жасалады

СҚО-да инфрақұрылымды дамытудың 3 жылдық жоспары жасалады

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында 2020 жылдың қаңтар айының қорытындылары шығарылды.

Облыс әкiмi есептiк кездесулердiң қорытындыларын шығарып, әр өтiнiштiң тiркеуге алынғанын атап өттi. Мәсәлелер кезек бойынша шешiлетiн болады.

«Болашағы бар ауылдарды дамыту керек. Жоспар болуы тиiс. Кезек бойынша жолдар жөнделiп, су тартылуы қажет. Бiз тұрғындары көп ауылдарға қаржы құямыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 3 жылдық жоспарын құруды тапсырды.

Ақпарат көзi: sko.gov.kz 

Жариялану күні: 18.02.2020