Өңір жаңалықтары :: СҚО-да 5 мың үй су жүйесiне қосылуға мүмкiндiк алады

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында ауыз су мәселесi талқыланды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда қаржыландыру 2,4 есеге өсiп, 8,7 млрд. тг. жеттi. 288 шақырым су тарату желiлерi жөнделмек.

76 ауылда су мәселесi шешiледi. 5 мың үй су жүйесiне қосылуға мүмкiндiк алады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша әрбiр төртiншi ауыл тұрғыны суды үйiне тарту керек.

«Жергiлiктi билiк суды ауылға алып келiп, көшелер бойына желiлердi тартады, колонкалар қойылады. Кәсiпкерлер ауылда тұрғындарға суды үйге дейiн тарту үшiн көмектесу керек. Осының арқасында ауылдағы өмiр сапасын жақсарта аламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО-да 5 мың үй су жүйесiне қосылуға мүмкiндiк алады

Ақпарат көзі: sko.gov.kz

Жариялану күні: 03.06.2020