Өңір жаңалықтары :: МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ

Бүгін Петропавлда мәдениет, архив және құжаттама басқармасының бастамасымен мемлекеттік рәміздер күніне орай автожарыс ұйымдастырылды. Шараға жергілікті өнерпаздар қатысып, көліктерінің терезелерінен еліміздің туын шығарып, қала көшелерін аралады. Ұйымдастырушылардың мақсаты — тұрғындарды ұлттық рәміздерімізге құрмет көрсетуге шақыру.

Ақпарат көзі:petropavltv.kz

Жариялану күні: 04.06.2020