Өңір жаңалықтары :: Тұрғын үйдi басқарудың жаңа жүйесi

2022 жылдың 1-шi шiлдесiнен пәтер иелерi кооперативтерi жұмысын тоқтатады. Олардың орнына мүлiк иелерiнiң бiрлестiктерi пайда болады.

Бұл жайлы өңiрлiк коммуникациялар қызметiнiң баспасөз алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Көпқабатты баспананы басқарудың жаңаша жүйесi “Бiр үй — бiр бiрлестiк — бiр есепшот” принципiне негiзделген. Яғни үйдiң жөнделуiне тұрғындар жауапты болады.

Ерлан Қайырбеков — Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлiмiнiң басшысы:

– Мүлiк иелерi бiрлестiгiн құру үшiн 4 құжат керек. Олар: мүлiк иелерi бiрлестiгi атынан өтiнiш, жиналыс хаттамасы, мүлiк иелерi бiрлестiгiнiң үлгiлiк жарғысы және бiрлестiктiң тiркелуiне 1 АЕК көрсеткiш көлемiнде ақы төлеу туралы түбiртек.

Бисенова Жанна

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 16.02.2021