Өңір жаңалықтары :: «Қызылжар» ФК көптен күткен жеңiске қол жеткiздi

Көптен күткен жеңiс! Жергiлiктi «Қызылжар» ФК Таразды тiзе бүктiрдi.

Алатаудың баурайында өткен матч 1 де 0 есебiмен аяқталды. Ойынның 68-шi минутында әулиеаталық қақпашы өрескел қателiк жiбердi. Ол бұрыштамадан асырылған допты қаға алмай, қолымен петропавлдық шабуылшы Момо́ду Си́сей тұрған жаққа бағыттады. Мұны жерлесiмiз ұтымды пайдаланды. Жеңiстен кейiн солтүстiкқазақстандық құрама турнирлiк кестеде 9-шы орынға көтерiлдi. Қоржында 11 ұпай бар. Келесi матч қазанның 27-сi күнi ұйымдастырылмақ. Бұл күнi қызылжарлықтар қарағандылық “Шахтермен” күш сынасатын болады.

Култанов Байболат

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 21.10.2020