Өңір жаңалықтары :: Петропавлға алматылық театр гастрольдiк сапармен келедi

Өнерсүйер қауымның құлағына алтын сырға! Қыркүйектiң 30-ы күнi Петропавлға атақты М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдiк сапармен келедi. Алматылық меймандар Петропавлда 1 аптадай болып, 6 қойылым сахналамақ. Әр туындыда 40-тан астам актер өнер көрсетедi. Арасында Еркебұлан Даиров, Дулыға Ақмолда және Асылбек Боранбай сынды елiмiзге танымал әртiстер бар. Айта кетейiк, бұл ұжымның көркемдiк жетекшiсi — Қазақстанның “Еңбек ерi” Асанәлi Әшiмов.

Жанагүл Қайратқызы, М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының әкiмшiсi, Алматы қаласы:

– Шымылдықты “Жүз жылдық махаббат” спектаклiмен ашамыз. Кешкi 7-де басталады. Кейiн, “Бес бойдаққа бiр той”, “Қоштасқым келмейдi…”, “Сыған серенадасы”, “Жау жүрек” туындылары ұсынылады. Соңында Абайдың қара сөздерiнен құралған “Қара” спектаклi қойылады.

Маржан Касымбек

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 21.09.2021