Өңір жаңалықтары :: АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛI ЖӨНДЕЛIП ЖАТЫР

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛI ЖӨНДЕЛIП ЖАТЫР

Биыл Айыртау ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1,4 млрд теңгенiң 31 жобасы жүзеге асырылмақ. Мектептер мен ауылдық клубтарға, жолдарға күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Нәтижесiнде жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа орналастыруға да мүмкiндiк тумақ.

Қазiргi уақытта елдi мекендерде қоршаулар мен ауыл iшiлiк жолдар, балалардың ойын алаңдары қайта қалпына келтiрiлуде. Тек Саумалкөлдiң өзiнде биыл екi спорттық ойын-сауық алаңы ашылмақ. Су құбырын, жылу желiсiн ауыстыру және модульдiк қазандықты орнату жұмыстары да басталып кеткен.

ДАРХАН ӘМРИН, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКIМI:

 — Кирилловка ауылындағы мәдениет үйi 30 жылдан берi жөндеу көрмеген. Биыл ақша бөлiндi. Казанка мәдениет үйi де кеңес дәуiрiнен берi бос тұрған едi. Биыл оған күрделi жөндеу жұмыстары жасалмақ. Егер абаттандыру туралы айтатын болсақ, облыс әкiмiнiң тапсырмасына сай бiз әрбiр ауылды кешендi түрде қамтуды жоспарлап отырмыз.

Шалқар орта мектебiнiң жөндеу жұмыстарына биыл 11 млн теңге бөлiнген. Бұл қаражатқа бiлiм ордасының 70 терезесi ауыстырылып, спорт залына жөндеу жасалмақ. Мектеп 1979 жылы салынған. Үш жыл бұрын шатырына күрделi жөнделдi. Бiлiм ордасында 70-тен астам оқушы оқиды.

МАНАТ САҚТАҒАНОВ, ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБIНIҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жыл сайынғы ағымдағы жөндеу кезiнде терезе жақтауларын сырлау өте ыңғайсыз болатын. Және қыс мезгiлi басталмас бұрын, мектеп iшi жылы болу үшiн маталар орап, дайындайтынбыз. Пластик терезелер орнатқаннан кейiн мектебiмiз биыл жылы болады деп ойлаймын.

Бұл Имантау орта мектебi. Бұл жерде 273 оқушы бiлiм алады. Мектеп 1987 жылы салынған. Содан берi алғаш рет күрделi жөндеуден өтпек. Бiлiм ордасының шатырын ауыстыруға бюджеттен 86 млн теңге бөлiнген. Сонымен қатар, 145 терезе ауыстырылып, қасбетi мен кiреберiс есiктерi қайта қалпына келтiрiлмек. Барлық жөндеу жұмыстарын мониторингтiк топ бақылайтын болады.

БАҚЫТ СЕЙТАХМЕТОВА, АЙЫРТАУ АУДАНЫ БIЛIМ БӨЛIМIНIҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл ауданымызда 4 орта мектеп күрделi жөндеуден өтiп, 1-еуiне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Күрделi жөндеу жұмыстарына 393 млн.теңге бөлiнген. Шалқар орта мектебiнiң өзiне 11 млн теңге бөлiндi. Қазiр бiз Имантау орта мектебiнде тұрмыз.»Бағжол нс» ЖШС ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГIЗЕТIН БОЛАДЫ. Жөндеу 15 мамырдан бастылып кеттi.

Биылғы жөндеу жұмыстарына толығымен отандық құрылыс материалдары қолданылмақ. Сондай-ақ, мердiгерлер жергiлiктi халықты 85 мың теңгеден кем емес еңбекақысы бар жұмыспен қамтуға мiндеттелген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Ақпарат көзi: petropavltv.kz

Жариялану күні: 05.06.2020