Өңір жаңалықтары :: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мерекесі аталып өтті. Мұғалімдер мұражай қызметкерлерімен бірлесе мектеп оқушыларына театрландырылған қойылым ұйымдастырды. Балалар ұлттық ойындар ойнап, мерекенің тарихы туралы көбірек біліп, дәмді бауырсақтардан дәм татты. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Шығыс күнтізбесіне сәйкес Наурыз мейрамы Жаңа жылдың басталуын көрсетеді.Мереке құнарлылықты, достық пен сүйіспеншілікті білдіреді. Мейрам қарсаңында облыстық мұражайда мектеп оқушыларына арналған театрландырылған қойылым өтті. Іс – шараның басты мақсаты-балалардың қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін тәрбиелеу.

ҒАЛИЯ БАЛТАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Балаларды «Көктем-ана» "Наурыз мейрамы құтты болсын!" деп құшақ жая қарсы алады. Оқушыларға төс қағыстырып, екі қолмен амандасу жалпы сәлемдесу дәстүрі туралы айтып береді. 14 наурыз – ежелгі уақытта айтылғандай, сәлемдесу, көрісу күні. Бұл салт өте ежелден келе жатқан салт. Наурыздың бас саналады.  

Қыдыр ата, Қызғалдақ, Самұрық құс. Оқушыларды фольклор кейіпкерлері қарсы алды. Отпен тазартудың ежелгі салты – "аластауды" өткеннен кейін балалар безендендірілген  киіз үйде ыстық бауырсақтан дәм татты.Мұражай қызметкерлері оқушылар үшін ұлттық ойындар да ұйымдастырды.

ҒАЛИЯ БАЛТАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

-Дәстүрлі ойындар-теңге алу, асық ату, бәйге және т.б.ойындар. Осылайша, балалар қазақ халқының ойындары мен дәстүрлері туралы толық білді. Содан кейін Көктем-ана 21-22 наурыз аралығында ел аралап жүретін Қыдыр ата туралы да,  осы дәстүрдің мәні туралы айтып берді.

 Мұражайдағы балаларға арналғн іс-шаралар 14-19 наурыз аралығында өтеді.

Ақпарат көзі: https://petropavltv.kz/ru

Жариялану күні: 16.03.2022