Өңір жаңалықтары :: Ұлы даланың ұлы тұлғалары

Ұлы даланың ұлы тұлғалары. Бүгiн осындай атаумен үстiмiздегi жылдағы 4 бiрдей мерейлi датаға орай облыстық кiтапханада сұхбаттық алаң өттi. Оған елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген жазушылар, ғалымдар мен ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргiзен жандар қатыстып, ой бөлiстi.

Елiмiз үшiн биылғы жыл мерейлi даталарға толы: Алтын Орданың — 750 жылдығы, Абайдың — 175 және Сәбит Мұқановтың 120 жылдық мерейтойлары аталып өтiлуде. Оған қоса әлемге әйгiлi екiншi ұстаз — әл-Фарабидiң 1150 жылдығы бар. Өшпес мұра қалдырған жанның жоғалған еңбегi қаншама. Бұл жөнiнде Алматыдан келген Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет тоқталып өттi. Қаламгер әл-Фарабидi терең зерттеп, жуырда шетелде жаңа еңбектерi табылғанын анықтапты. Жиында құнды дүниелердiң биылдан қалмай қазақ және орыс тiлдерiне аударылатыны мәлiм болды.

Ұлықбек Есдәулет — ақын, ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

– Жақында 1150 жылдық қарсаңында бiздiң ғалымдармен бiрге бiраз мемлекеттiң архивiне үңiлiп, тағы да 3 еңбегiн таптық. Қазiр оны өз тiлiмiзге аудармаған күйде елiмiзге алып келгенiн хабарлап жатыр.

Мерейлi даталардың бiрi — Алтын Орданың 750 жылдығы. 13-ғасырдың ортасында Жошының ұрпағы Бату билеген мемлекет бүкiл ұлыс-тайпаларды жинақтап, оларға негiз бола бiлдi. Бiрақ, хан тағына, билiкке деген талас ұлы мемлекеттiң қирауына әкелдi. Дегенмен, Алтын Орда Қазақ хандығының құрылуына себепкер болды. Ол саяси, әлеуметтiк және экономикалық жағынан да кейiнгi елдердiң қалыптасуына ықпал еттi. Көптеген хандықтардың басқару жүйесi осы Алтын Ордадан бастау алған дейдi тарихшылар.

Ақмарал Ибраева — М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылым және инновациялар бойынша проректоры:

– Заңнамалық негiз, құқықтық негiздi алып қарайтын болсақ, бұл йасы Шыңғысханнан басталған. Ол — мына дала принциптерiне, әдеп-ғұрыптарына негiзделген заңдар жинағы. Сондай-ақ, «Қасымханның қасқа жолы», « Есiмханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғысы» сияқты үлкен заңдардың қалыптасуына да септiгiн тигiзген.

Айта кеткен жөн, былтыр Уәлиханов ауданына қарасты Береке ауылының жанындағы Қызыл оба жерiнен Алтын Орда дәуiрiне қатысты алғашқы тарихи ескерткiш табылған едi. 13-14 ғасырдан сақталып қалған мазарды павлодарлық және жергiлiктi ғалымдар анықтаған. Зерттеушiлер бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Ақтолқын Солтанханқызы

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Жариялану күні: 19.02.2020