Өңір жаңалықтары :: Өңірдегі жазғы мектептердің жұмысы

Өңірде мамырдың 26-сынан бастап жазғы мектептер жұмысын бастайды. Ұстаздар қауымы маусымның 17-сіне дейін оқушылар үшін қосымша сабақтар өткізбек.

Жазғы уақытта білім беру негізгі пәндер бойынша өткізіледі. Оған балалар өз қалаулары бойынша қатыспақ. Шара ұл-қыздардың үлгерімін жақсартып, күрделі тақырыптарды тағы бір шолуға бағытталған. Жеткіншектерге үйге тапсырма берілмейді әрі бақылау жұмыстары жүргізілмейді. Бағдарламаға мәдени-танымдық шаралар да енгізілген. Оқушылар сабақ оқығаннан бөлек, музейлерге экскурсияға барады. Айта кету қажет, 9-шы және 11-ші сыныптар жазғы мектепке қатыспайды. Бұл уақытта жасөспірімдер емтихан тапсырмақ.

Эльмира Садвокасова

 

Ақпарат көзі:  https://mtrk.kz/

Жариялану күні: 05.04.2022