Өңір жаңалықтары :: Өңiр басшысы Тимирязев ауданында тұрғындармен кездестi

«Бүгiн Мичурино (Тимирязев) тұрғындарымен ауылды дамыту жоспарын талқыладық. Биыл ауыл инфрақұрылымын жақсарту үшiн бiрқатар жұмыстар айқындалды», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Мичуринода 82 миллион теңгеге ауыл iшiлiк жолдар жөнделедi. Ауылда жаңа су мұнарасы орнатылуда. Ауданда барлығы 9 жаңа су мұнарасы қойылады. Бұл Тимирязев ауданының 4 мың тұрғыны сумен қамтылады.

«Мичуринское» серiктестiгi спорт алаңын, спорт залына қажеттi құрал-жабдықтарды, балалар ойын алаңын орнатады. Жұмысшыларына 20%-ке еңбекақы өсiредi. Серiктестiк Мичурино ауылына су тарату жүйесiн жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлейдi. Ауылды абаттандыру және тазарту бойынша қоғамдық бiрлестiк құрылады.

 

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko?lang=ru

Жариялану күні: 27.04.2022