Өңір жаңалықтары :: СҚО әкімі тікелей эфир өткізді

Өңір – коронавирустың екінші толқынынына дайын. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында тікелей эфир өткізді.

Онлайн байланыс кезінде өңір басшысы тұрғындарды карантин ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ, індет қайта өршісе аймақтың оған дайын екендігін тілге тиек етті. Айтуынша, бүгін облысымызда жасанды өкпені желдету аппараттарының саны – 73-тен 232-ге, оттегі концентраттары 56-дан 362-ге дейін артқан. Сонымен қатар, облыс әкімі биыл қазан айында Петропавлдағы инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталып, қолданысқа берілетінін айтты.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Өңіріміз коронавирустың 2-ші толқынына дайын деп айта аламыз. Бірақ, бұл босаңсу керек дегенді білдірмейді. Сол үшін сіздерді жауапкершілік танытып, карантин шараларын қатаң сақтауға шақырамын.

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жариялану күні: 22.10.2020