Өңір жаңалықтары :: СҚО экономикасында 2021 жылы өсiм сақталды

Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында жазды.

«2021 жылдың қорытындылары шығарылды. Пандемия, құрғақшылық пен құрылыс материалдарының қымбаттауы сияқты қиындықтарға қарамастан, 12 айда облыс экономикасының негiзгi салаларында өсiм сақталды. Өңiрде өнеркәсiптiң, инвестиция тартудың және баспана салудың өсу қарқыны республикалық орташа көрсеткiштен жоғары», — деп жазды өңiр басшысы.

2021 жылы өнеркәсiп саласындағы өсiм 105,8% құрады. Бiр жылда көлемi 315 млрд.теңгеден 365 млрд.теңгеге дейiн өстi. Зауыттар тапсырыстар портфелiн 30%-ке көбейтiп, 58 млрд.теңгеге жеткiздi.

Ауыл шаруашылығында индекс көлемi 87,9 % құрады. Құрғақшылықтың кесiрiнен осындай көрсеткiш тiркелдi. 2020 жылға қарағанда астықтың көлемi төмен болғанымен, бидай мен майлы дақылдарға деген жоғары бағаның арқасында жағдайды түзелдi.

«Бiздiң өңiр инвесторлар үшiн тартымды. Бұл инвестицияның өсiмiн 110,1% қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Барлығы 332 млрд.теңге инвестиция тартылды. Айта кету керек, жеке инвестицияның үлесi — 83%, бұл жақсы көрсеткiш», — дедi облыс әкiмi.

Құрылыс саласында 105,8%-ке өсiм тiркелiп, көлемi 107 млрд.теңгенi құрады. Бұл құрылыс және жөндеу жұмыстарының барлық түрiн қамтиды. Тұрғын үйлердi пайдалануға беру 114,7%-ке өстi.

«2021 жылдың басында бiз 340 мың шаршы метр баспана салу мiндетiн қойдық, нақты 351 мың шаршы метр тұрғызылды. Биылғы жоспар — 400 мың 50 бюджеттiк және коммерциялық үйдiң құрылысын жалғастырамыз және бастаймыз», — деп жазды өңiр басшысы.

 

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko?lang=ru

Жариялану күні: 03.02.2022