Өңір жаңалықтары :: Өңірде “Сақтан” акциясы өтуде

Бүгiн қалалық жастар ресурстық орталығы мен “Қызылжар — адалдық алаңы” жобалық кеңсесiнiң өкiлдерi облыс орталығында “Сақтан” акциясын өткiздi. Шараның мақсаты — жемқорлықтың алдын алу мен жалпы, бармақ басты, көз қыстылықтың салдарын түсiндiру. Сондай-ақ, жастар пара алу немесе пара беру фактiсi жайлы естiп-бiлген адам ол турасында тиiстi органға хабар берсе, оған сыйақы тағайындалатыны жайлы айтты.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшiсi:

– Облыс тұрғындарына айтарымыз, егер де қандай да бiр жемқорлық фактiсiн көрген не естiген болсаңыз, 1424 нөмiрiне хабарласыңыздар. Қоңырау шалған адамның аты-жөнi ешқайда жария етiлмейдi. Барлығы анонимдi түрде өтедi. Егер де фактi дәлелденiп, сотқа дейiн баратын болса онда ол жанға сыйақы берiледi. Ақшалай қолдаудың мөлшерi алынған пара мен ақшаның 10%-ын құрайды.

Алдияр Айтпаев

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жариялану күні: 22.09.2021