Өңір жаңалықтары :: СҚО әкiмi өңiр кәсiпкерлерiмен кездестi

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бизнес-қауымдастық өкiлдерiмен кездестi. Жиында өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының жаңа директоры Арман Оразғұлов таныстырылды.

Жиында кәсiп ашып, дамытуға көп мүмкiндiк бар екенi айтылды. Облыста бизнестiң жол картасын қаржыландыру 2,7 есеге өсiп, 3,8 млрд. теңгенi құрады. 200 кәсiпкер көмек ала алады. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 86 млрд. тг жұмсалды. Бұл екi есе көп.

«Көмек көп көрсетiледi, алайда бiз салық түсiмiнiң тиiсiнше көбейiп жатқанын көрiп отырған жоқпыз. Шағын және орта бизнесте салық түсiмдерi 6 процентке ғана өстi. 41 ден 43 млрд. тг дейiн. Көлеңкелi бизнеспен ақшаны шығару керек. Оған қолма-қол ақшасыз төлемдер көмектеседi. Бiздiң облыста оның үлесi 14-тен 49 процентке дейiн өстi. Оны жалғастыру керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО әкiмi өңiр кәсiпкерлерiмен кездестi

СҚО әкiмi өңiр кәсiпкерлерiмен кездестi

СҚО әкiмi өңiр кәсiпкерлерiмен кездестi

Ақпарат көзі: sko.gov.kz

Жариялану күні: 04.06.2020