Өңір жаңалықтары :: СҚО әкімі өңірдегі ахуал бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді

Құрметті журналистер!

Бүгін елімізде жалпыұлттық Аза тұту күні. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын.

Қазір облыста ахуал тұрақты. Өңірде осы күндері зардап шеккендер болған жоқ. Мүлікке зиян келген жоқ. Жағдайға түсіністікпен қараған облыс тұрғындарына алғыс айтамын. 

Облыс бес күн бойы Төтенше жағдай режимінде өмір сүріп жатыр, бекеттер қойылды.  Мемлекеттік органдар мен маңызды нысандар  штаттық режимде жұмыс істеуде. Азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Біздің облыста газ бағасы елде ең қымбат деген қате ақпарат тарауда. Монополияға қарсы агенттік тексерді.  СҚО, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды және  Павлодар облыстарында баға бірдей.

Осы күндері еліміз бойынша интернет белгілі бір уақытқа ғана беріліп тұрды. Күн сайын оның уақыты ұзартылатын болады.

Облыста банкоматтарға ақша салу жұмыстары жүргізілді, негізгі банкоматтарда ақша бар. Қаладағы бірқатар супермаркеттер арнайы желі арқылы ақшасыз төлемдерді қабылдап келеді. Халық банктің облыстағы бөлімшелері өз жұмысын бастады. Банктерге арнайы күзет қойылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде жағдай тұрақты  өңірлерде төтенше жағдай кезең-кезеңімен алынады деп айтты.  Біздің облыста алғашқылардың бірі болып төтенше жағдай алынады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko?lang=ru

Жариялану күні: 10.01.2022