Өңір жаңалықтары :: СҚО әкiмi олимпиадашыларға сәттiлiк тiледi

Бейжiңде өтетiн қысқы Олимпиадаға санаулы күндер қалды. Солтүстiкқазақстандық спортшылар да төртжылдықтың негiзгi жарысына қатысуға дайындалуда. Коньки тебушi Иван Аржаников 500 және 1000 м қашықтықта жүлде үшiн сынға түседi.

Қысқы Паралимпиадаға Қазақстаннан 4 спортшы қатыспақ, оның үшеуi солтүстiкқазақстандық. Олар — Александр Герлиц, Ербол Хамитов және Сергей Усольцев.

«Параатлеттерiмiз Мемлекет басшысымен кездесуге қатысты. Айтпақшы, Александр Герлиц — Қазақстан паралимпиада құрамасының капитаны әрi елдiң басты үмiтi. Александр елiмiздiң Туын Президенттiң қолынан алды. Спортшыларымызға Олимпиадада жеңiс пен сәттiлiк тiлеймiн. Солтүстiкқазақстандықтар сiздерге жанкүйер болады!», — деп жазды өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында

 

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko?lang=ru

Жариялану күні: 25.01.2022